Астана қаласындағы жасыл көшерттерді күтіп ұстау мен қорғау

Астана қаласы

мәслихатының шешіміне

2017 жылғы « ___» _______

№ _____________

1 қосымша 

 

Астана қаласындағы жасыл көшерттерді күтіп ұстау мен қорғау

Ережелері

1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау туралы Ережелері, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына, 2001 жылғы 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының және басқада нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
  2. Қағида жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын к-галдандыру саласындағы қарым-қатынасты реттейді және тәртібін белгілейді. Қағида меншік нысанына қарамастан Астана қаласының аумағында орналасқан жерлердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жапсарластыра салынған орын-жайлардың, тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайлардың және басқа объектілердің иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

3. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын к-галдандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік), басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары және абаттандыру мен көгалдандыру кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларына жүктеледі.

4. Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ағаштарды кесу – уәкілетті органның рұқсатымен ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыстар;

2) Астана қаласының жасыл екпелерінің тізілімі – Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелердің саны, үлгілері жайлы деректердің жинағы, түрлері жайлы құрам, алаңның көлемі, жағдайы және орналасқан жері;

3) Астана қаласының жасыл қоры – Астана қаласының әкімшілік шекарасында жасыл екпелер аумағының жиынтығына қосылатын жасыл аумағының жалпы, шектелген және арнайы қолдану;

4) аумақты көгалдандыру – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер шыққан, жасанды жолмен жасалған бау – саябақ кешендерi және объектiлер, желек жолдар, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлерге арналған жер аумақтары;

5) дендрологиялық жоспар – 1:500 масштабтағы жоспарланатын және сақталатын сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң ашық гүлзарлар учаскелерi, алаңқайлар, аяқ жолдар, сутоғандар, сондай-ақ пейзаждар және көрiнiстердi қиюластырып тұрғызу және орналастыру көрсетiлген сызба;

6) жалпы пайдаланудағы жерлер – алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, өтпе жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, желек жолдар, суаттар, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыратын өзге де объектілердің (жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан жерлері;

7) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды өте қатты қысқарту, бүршіктерді сирету және реттеу, ересек ағаштарда кемінде 3,5 м биіктікте, төбелер мен бұтақтардың кебу салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан сау ағаш діңімен жасарту үшін ағаш діңін кесу;

8) жасыл алап – түрінің құрамына қарамастан 0,1250 га ауданы аумақта кемінде 50 дана ағаштардан тұратын жасыл аумақ;

9) жасыл алаптардағы ландшафты кесу – қураған, фаутты, төмен декоративтік және рекреациялық әсерге нашар төзімді, ағаш сапасын жақсарту үшін басты жоғары декоративті тұқымның дамуына кедергі болатын ағаштар мен бұталарды кесу;

10) «жасыл белдеу» – Астана қаласының аумағын қоршайтын санитарлы-қорғау зонасы және қорғаулы, санитарлы-гигиеналық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристтік қызметтерді атқарады;

11) жасыл бөлігінің құрылуы – жасыл екпелерді жасарту және арнайы эстетикалық пішінін беру мақсатында, бүлінуіне әкелмейтін, пішіндеуге бейімделетін, желілік екпелердің, тал-шіліктің және арнайы ағаштардың бұтақтары мен өскіндерін кесу;

12) жасыл екпелер – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын шығу тегi табиғи және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер;

13) жасыл екпелерді жою – білінуіне әкелген жасыл екпелердің зақымдануы;

14) жасыл екпелердің зақымдануы – ағаштың ұшар басына, дiңiне, сүректi-бұта өсiмдiктерiнiң бұтақтарына, олардың тамыр жүйесiне, өсу үдерісінің тоқтауына, шөптесiн өсiмдiктердiң тамыр жүйесiне және жер бетiндегi бөлiгiнiң зақымдануына зиянды әсерiн тигiзедi. Бұтақтардың, тамыр жүйесiнiң, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тiршiлiк қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл екпелерді ластануы, не тамыр аумағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы – механикалық зақымдану болып табылады;

15) жасыл екпелер күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелер, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алаптарды құруға, сақтауға және қайта өсіруге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл е екпелер өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

16) жасыл екпелерді инвентаризациялау (ағаштық қайта есептеу) – жасылдандыру объектілердің сандық эәне сапалық сипаттамасының толық жазу жөнінде есепке алу бойынша іс шаралардың кешені;

17) жасыл екпелердің лесопатологиялық зерттеуі – зиянкестердің (жәндіктердің) болуына арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, дің, тамыр жүйесі және бөрікбастың саңырауқұлақ ауруларымен зақымдану белгілерін анықтауға арналған арнайы тексеру. Егер, екпелер аурулармен 50 (елу) % зақымданса, олар міндетті түрде шауып алуға жатады;

18) жасыл екпелердің мәжбүрлі шауып алуы – Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында және қауіпсіздік талаптарымен сәйкесіне келтіру үшін жасыл екпелерді шауып алуы;

19) жасыл екпелер сақтау – абаттандыру мен құрылыс жұмыстарына  енетін  жасыл екпелердің аса құнды тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді іс-шаралар;

20) жасыл құрылыс – өнеркәсіптік және басқа да объектілерінде, Астана қаласында жасыл екпелердің алаңын арттыру, сақтау және құру бойынша іс шара жүйесі;

21) жаяу жол – жаяу жүргіншілердің қозғалысына арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл бақтарымен не арық жүйесімен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі;

22) көгал – шөптердің арнайы таңдалған тұқымдарын себу арқылы жасалған шөп жамылғысы, ландшафт композицияның дербес элементі, саябақ құрылысының және отырғышу үшін арналған  шөп жамылғысынмен жер аймағы

23) күтім – өсімдіктің жерасыт бөлігі мен жер күтімі (азықтандыру, суғару, жұмсарту және басқа да іс қимылдар);

24) қаланы абаттандыру – аумақты тағайындалу бойынша қалыпты қолдану үшін құрылысқа жарамды ету және халықтың өміріне жайлы және мәдени жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында (аумақты тазалау, құрғату және көгалдандыру, микроклиматын жақсарту, ауа алабын ластануынан қорғау, шудың деңгейін төмендету бойынша) іс шаралары және (аумақты инженерлік дайындау, жер құрылғысы, коммуникациялық желістерді және сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, энергоүнемдегіш құрылғыларды дамыту бойынша) жұмыстардың жинақысы;

25) өтемді отырғызу – дендрологиялық жоспарға сәйкес табиғат пайдалануды реттеу саласында қызмет көрсеткен, уәкілетті органмен анықтаған арнайы аймаққа шабылған ағаштардың орнына отырғызу;

26) өтемдегіш отырғызу (кепілдік) жоспары – рұқсат етілген санитарлық кесуге, мәжбүрлі кесуге немесе рұқсат етілмей кесуге ұшыраған, оның ішіне сандық бөлігі, тұқымдық құрамы, көлемі, отырғызудың күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жобалық негізге байланған отырғызғылардың орналасуының кескіндік сызбасы кіретін жасыл екпелердің көлемін бірдей өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;

27) өту жолдары, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі;

28) санитарлық кесу – апаттық жағдайларды туындататын (электрлік желі, газ құбырлары үстінде жататын, ғимарат жабындысын бұзатын, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп туындататын) ауру, кепкен, қураған және зақымданған бұтақтарды жою;

29) санитарлық кесу – құрғақ, өлі, жел құлатқан, қар құлатқан барлық жастағы ағаштар мен бұталарды кесу, сонымен қатар тамыр ысқышпен, орақпен және басқа да саңырауқұлақ аурулармен зақымданған ағаштарды кесу;

30) санитарлық-қорғау аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;

31) уәкілетті орган – табиғатты пайдалануды реттеу мен  тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

32) ұйым – жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;

33) іргелес аумақ – жеке және заңды тұлғалардың балансында тұрған ғимараттың, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда объектілерінің, жарнама және басқа да объектілердің аумағына тікелей жанасып тұрған (периметрі бойынша 5 м шекарадағы) аумақ.

 

 1 параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау

 

5. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер бірыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады.

6. Көгалдандырған аумақтарды дамыту дендрологиялық жоспарына сәйкес әкімшілік аумақты бірлікке сәйкесінше жасалынады.

7. Аумақты көгалдандыру бойынша барлық жұмыстардың түрі бекітілген жобалар бойынша жасалынады. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар жасау барысында, бекітілген жоба бойынша сапасы мен сәйкестігін авторлық қадағалаумен Заңға сәйкес жүзеге асырады.

8. Жеке және заңды тұлғалар, жасыл екпелердің қорғау бойынша шараларды жүзеге асыруы, жасыл екпелердің зақымдалуына немесе жойылуына әкелiп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсiздiкке жол бермеуі тиіс.

9. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметтерi, Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Қағидамен белгіленген жасыл екпелерді  қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады.

10. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қоршаған ортаны сауықтыру және қорғау бойынша іс шаралар азаматтармен, лауазымды және заңды тұлғалармен жүзеге асырулуы қажет.

11. Көгалдандырған аумақтар Астана қаласының коммуналды меншігінде тұр, сонымен қатар, субъектінің жерге құқығына байланысты республикалық немесе жеке меншікте болуы мүмкін.

12.Көгалдандырған аумақтардың жер аймақтарын әрқашан жерді пайдалану құқығы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық әкімдік аппараттарына рәсімделінеді.

13. Астана қаласының жасыл белдеу зонасының санитарлы-қорғау жер аймағына әр қашан жерді пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органға рәсімделеді.

14. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін қамтиды:

1) жасыл екпелерді отырғызу;

2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау;

3) гүлдерді, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу;

4) барлық вегетативтік кезеңде жасыл екпелерді суару;

5) жасыл екпелерді қырқу, қайта отырғызу, кесу (апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитарлық кесу);

6) тыңайтқыштарды салу;

7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

15. Қағиданың күші қолданыстағы жеке тұрғын үйдің аумағына, азаматтардың саяжай учаскелеріне және қаланың коммуналдық қызметтерінің қарамағындағы зираттардың учаскелеріне және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.

16. Көгалдандырылған аймақтардағы меншік иесі мен жалгерлер, жеке және заңды тұлғалар:

1) жасыл екпелерді сақтауға және бiлiктi күтiммен қамтамасыз етуге;

2) табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органының және тиісті аудан әкімінің аппараты нұсқаулық-әдістемелік нұсқауларына сәйкес, барлық агротехникалық шаралар кешенін жүргізу, оның ішінде гүлзарлар, ағаштар мен бұталарға су құю, арамшөптер, зиянкестер және аурулармен күрес жүргізу, жасыл екпелерді түзеу және жасарту, санитарлық кесу, гүлзарларды күзеу;

3) өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қала құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп, бекітілген дендрологиялық жоспарлар бойынша бекiтiлген аймақтардағы жасыл екпелердің ағымдық жөндеуі мен көгалдандыруын жүргiзу;

4) жасыл екпелерді жою (қайта отырғызу) Қағиданың талаптарымен белгіленген тәртiпте ресiмдеуге;

5) көшелер мен алаңдарды тазалау үшін роторлы машиналарды қолдану, машиналарда қардың (қар салмағының) желектерге түсуіне жол бермейтін арнайы бағыттайтын құрылғылары бар болған кезде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, жасыл екпелерге қарды тастау үшін роторлы қар тазалау машиналарын пайдаланбауға;

6) ағаштарға зиянын келтіруі мүмкін заттарды (аспалы төсектерді, әткеншекті, кір жайғыш жіптерді, жарнама қалқандарын, электр сымдарын, электр және жалаушалы гирляндаларды, тікенекті сым) ілуге, бекітуге жол бермеуге;

7) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақталуға жататын барлық жасыл екпелер олардың қорғау тиімділігін қамтамасыз ететін механикалық және басқа зақымдалулардан арнайы қорғаныс қоршауларымен сақталады;

17. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетативтік кезең басталғанға дейін немесе кеш күзде жүргізіледі.

18. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиясы сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап, көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

19. Табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның құзырына:

1) жасыл екпелердің тізілімін жүргізу;

2) жасыл екпелердің орман патологиялық зерттеуін жүргізуді ұйымдастыру;

3) жасыл екепелер орналасқан жел телімдерін пайдалануға беру (беруден бас тарту) туралы шешімдерін келісу;

4) жасыл екпелерді кесуге, қайта отырғызуға рұқсат беру;

5) кепілдік өтемдік отырғызулар және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының жүргізілуін бақылауды ұйымдастыру кіреді.

20. Астана қаласындағы жасыл екпелердің есебiн жүргiзу, олардың санын, түрлiк құрамын және жай-күйiн анықтау мақсатында, есеп жүргiзу объектiсiнiң шегiнде орналасқан жасыл екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.

21. Жасыл екпелердің түгендеу және басқа да түрлi тексерулер, белгiленген тәртiппен бекітілген нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттарға, әр ағаш бойынша есеп жүргiзу, контуры бойынша қайта санау, есеп жүргiзу объектiсi шекарасында орналасқан жасыл екпелердің құрылымдық бөлшектерiнiң күрделiлігiне байланысты кесу әдiстерiне сәйкес жүргiзiледi.

22. Жасыл екпелердің барлық түрлері есепке алынуға жатады: ағаштар, бұталар, гүлзарлар, гүлбақшалар. Жасыл екпелерге зерттеу жүргізуді агротехникалық іс-шаралар жүргізу бойынша мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

23.Жасыл екпелердің есеп нәтижесін көрсететін құжат рәсімделген түгендеудің мәтериалдары және лесопатологиялық зерттеудің, сонымен қатар, дендрологиялық жоспар болып табылады.

24. Жасыл екпелерді күту және қорғау, сонымен қатар, жасыл екпелерді түгендеуді жүргізу мен лесопатологиялық зерттеуді өткізуі ұйымдармен жерді жалпы пайдалануда жүзеге асырылады.

25. Табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган жасыл екпелердің түгендеу және лесопатологиялық зерттеу материалдар көшірмесін Астана қаласы аудан әкімдіктеріне, жасыл қормен жұмыс жасау барысында ұсыныс ретінде қолдану үшін жолдалынады.

26. Жасыл екпелерді түгендеу нәтижесінде алынған деректер негізінде қаланың жасыл екпелерінің тізілімі жүргізіледі.

27. Астана қаласының жасыл екпелер тiзiлiмi:

1) Астана қаласындағы жасыл екпелердің саны және жай-күйi туралы шынайы кешендi деректер алу;

2) Астана қаласындағы жасыл екпелердің саны және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;

3) қаланың көгалдандырылған аумақтарын қорғау, сақтау және даму саласындағы қалалық саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау;

4) жасыл екпелерді қорғауға, сақтау және дамытуға ең тиiмдi тәсiлдер әзірлеу;

5) қаладағы жасыл екпелердің саны және жай-күйi туралы халықты, билік және басқару органдарын анық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

 

 

 

2 параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитарлы кесу

 

28. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстарды жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу жүргізіледі.

29. Жасыл екпелерді кесуге, сонымен қатар санитарлық, ландшафтық және көшіріп отырғызуға келесі жағдайда табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органмен рұқсат берілуі мүмкін:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

4) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитарлық кесу;

5) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.

30. Көрсетілген жер аймағын қызмет көрсететін табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы қызметін жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен берілетін рұқсат бойынша ұйымдармен жалпы пайдаланатын жерлерде ағаштарды кесу (қайта отырғызу) жүзеге асырылады.

31. Мемориалдық, тарихи және бірегей эстетикалық құндылығы бар, тағайындалған тәртіпте статусы бекітілген ағаштарды кесу; Қызыл кітапқа енгізілген сүректі және бұта өсімдіктерінің түрлері, сонымен қатар ерекше қорғалатын, жергілікті маңызы бар табиғи аймақтарда орналасқан ағаштарды кесуге тыйым салынады. Төтенше жағдайда, ерекше қорғалатын екпелерді кесу қажеттігі туғанда, кесудің мақсатқа сәйкестігін сараптау, қала әкімімен құрылған комиссия арқылы жүргізіледі.

32.  Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламар туралы» заңдағы 2 қосымшаның 159 тармағына сәйкес, бекітілген тәртіпте рәсімделгені рұқсаттама құжаты болған жағдайда мамандардырылған ұйым ағаштарды және тал-шіліктерді кесуін жүзеге асырады.

33. Жасыл екпелерді кесуге және қайта отырғызуға алдын-ала рұқсаттама құжатынсыз жол берілмейді.

34. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызуды келісу мынадай тәртіпте жүргізіледі:

1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы-рұқсаттама құжаттамасын дайындау кезінде белгіленген тәртіпте жобаны әзірлейді;

2) жобалау ұйымының хаты және жобасы негізінде, табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган  құрылыс жүргізу болжанған учаскеде зерттеу жүргізеді және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жасыл екпелерді зерттеу актісі жасайды, онда жасыл екпелердің саны, олардың түрлік құрамы, жай-күйі, гүлзарлардың, шөп жабындары, гүлдердің болуы көрсетіледі;

3) жобалау құжаттамасы жасыл екпелерді зерттеу актісі негізінде әзірленеді.

4) қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес анықталатын инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағына  түсетін жасыл екпелерді кесу кезінде өтемдік отырғызу қажет етілмейді.

5) жөндеу жұмыстары кезінде бұзылған көгалдар мен гүлзарлар ды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

35. Жасыл екпелердің санитарлы кесуі табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органның келісім бойынша көрсетілген жер аймағына қызмет көрсететін ұйымдармен жасалынады.

36. Ағаштарды санитарлы кесуі табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімісіз ағаштардың өздері, сонымен қатар бұтақтары құлап өмірге және адам денсаулығы қатерін тигізу, ғиматтарға және құрылыстарға, коммуникацияларға, жол жүрізу қауіпсіздіне (соның ішінде жер белгілерінің көбен шолуын жабатын) зиянын келтіру кезіндегі, төтенше және апаттық жағдайларында ағаштарды санитарлы кесу жасалынады.

37.Ағаштарды санитарлы және мәжбүрлі фактісінда құтқару төтенше жағдайы органдарымен акт куәландыру орнатылады, бұдан әрі табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарландырылады.

38. Табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган куәландыру актісінің негізінде кесілген жасыл екпелерді тізілімнен жояды.

39. Ғимараттан және құрылыстан 5 м қашықтықтан кем орналасқан, үй-жайдың толық көлеңкелеуге себеп болатын жасыл екпелерді кесуге тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша органның қорытындысы негізінде өтемді отырғызу есебісіз азаматтардың өтініші бойынша рұқсаттамасын уәкілетті орган береді.

40. Қураған, суалған және ауру ағаштарды есепке алу және таңбалау, олардың тұрған жерiне қарамастан, көгалдандырылған аймақтарды пайдаланушылардың, меншiк иелерінің, жалға алушылардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.

41. Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды зерттеу кезінде ағаштардың өлімі қартаюмен аурулардан емес, жеке немесе заңды тұлғаның кінәсінан болғанын анықтаса, онда өтемдік отырғызу кінәлі тұлғаның есебінен жүргізіледі.

42. Жасыл екпелерді аумақтарда кесуі, агротехникалық шараларды орындау үшiн арнайы бөлiнген аймақтардағы жасыл екпелерді кесу, аймақтардың иелерiнiң – ұйымдардың әкiмшiлiктерiнiң шешiмдерi бойынша, кесу билетiнiң ресiмделуiнсiз жүзеге асырылады. Бұл жағдайда өтемдiк отырғызу талап етілмейді

43. Құлату, түбiрiн қопару, кесiлген ағашты және кесiндi қалдықтарын тиеу мен тасу жұмыстар басталған сәттен бастап тәулiк iшiнде жүзеге асырылады. Кесiлген жасыл екпелерді және кесiндi қалдықтарды өндiрiс орнында сақтауға жол берілмейді.

44. Кесу аумағына iргелес гүлзар, жасыл екпелер зақымданған жағдайда жұмысты жүргiзушi олардың құзыреті шеңберiнде аумақ иелерiмен және бақылаушы органдармен келiсiлген мерзiмде, бiрақ зақым келтiрген сәттен бастап, жарты жылдан кешiктiрмей қалпына келтiредi.

45. Қалалық орта жағдайларына бейімделген жасыл екпелерді қайта отырғызу Қазақстан Республикасының «Рұқсаттама және хабарландыру жайлы» заңының 2 қосымша 159 тармағына  сәйкес қайта отырғызуға рұқсаттама негізінде жүргізіледі.

 

3 параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды өткізу тәртібі

46. Лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде болған көп жылғы жасыл екпелерді жоғалту (кесу, құрту) немесе зақымдау, заттай түрде толық өтеуге жатады.

47. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл екпелерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

48. Автомобиль жолдарының құрылысын жобалау кезінде көгалдандыру жобасында отырғызу материалын қарастыру қажет.

49. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган құрылыс, қалпына келтіру немесе ағымдағы жөндеу аймағындағы жасыл екпелерді мүмкіндігінше сақтап қалу мақсатында, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мүмкіндік болса, жасыл екпелерді қайта отырғызуға басымдылық беруі керек.

50. Өтемдік отырғызу төмендегi талаптарды есепке ала отырып:

1) табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның Қазақстан Республикасының «Рұқсаттама және хабарландыру жайлы» заңының 2 қосымша 159 тармағына  сәйкес рұқсатымен жүргізілген жасыл екпелерді кесуге өтемдік отырғызу кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,5 м жапырақ тұқымдас және кесекпен бірге биіктігі кемінде 2,0 м қылқан жапырақты екпелерді отырғызу арқылы жүргізіледі.

2) заңсыз кесу кезінде жасыл екпелерді өтемдік отырғызу биіктігі кесекпен бірге кемінде 2,5 метр жапырақты ағаштардың екпелерін, ал қылқан жапырақты ағаштар биіктігі кесекпен бірге кемінде 2,0 метр екпелерін отырғызу арқылы көгалдандырылған аумақтың ауданын қысқартпай он еселік көлемде жүргізіледі.

Жасыл екпелерін заңсыз кесу жағдайында өтемді отырғызу құқық бұзушылыққа жол берге кінәлі тұлғаның есебінен жасалынады.

3) Екпелің жоғары тамыр жүйесінен діңгегінің диаметрі (діңгек бөлігі 1,3 м биіктікте) 3 см кем болмауы керек.

51. Табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органмен қала аумағында және елді мекенде өтемдік отырғызуды жүргізу үшін арнайы учаскелер белгіленеді.

52. Жасыл екпелерді кесу жүргізілген аумақта бос аудандар болмаған жағдайда, табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган Астана қаласының тиісті аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, әрі қарай өтемдік отырғызуды жүргізу үшін арнайы учаскелерді анықтайды.

53.Ағаштарды өтемдік отырғызу жеке және заңды тұлғалармен дербес өзінің аумағында немесе іргелес жатқан аумақтарында отырғызады, ал жалпы және арнайы пайдалану жерлерінде өтемдік отырғызу жерлерінде жасыл екпелерді күту және баптауды, көгалдандыруды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен жүргізіледі;

54. Қайта отырғызу және өтемдік отырғызу кезінде топырақты құнарлы топыраққа ауыстыру арқылы отырғызу жұмыстарын жүргізуді қарастыру.

55. Жеке және заңды тұлғалармен ағаштарды қайта отырғызу кезінде өтемді отырғызу жасалынбайды.

56. Ағаштарды қайта отырғызу өлімге әкелген жағдайда, бес есе өтемақы тағайындалады.

57. Өтемдік отырғызу кімнің мүддесінде жою жүргізілсе, сол жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен жүргізіледі.

58. Өскен және зақымдалған жасыл екпелердің табиғи жағдайда құласа, кінәлі тұлғаны анықтауға мүмкіндік жоқ кезінде жасыл екпелерді қалпына келтіруі жергілікті бюджет қаражаты есебінен табиғат пайдалануды реттеу саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органы бекітілген дендрологиялық жоспарына сәйкес жасалынады.

59. Жасыл екпелерді кепілдік күтімнен кейін қабылдауды жасыл екпелерді өміршеңдік актісінің негізінде жасалынады.

60. Отырғызылған жасыл екпелердің өлу жағдайында, кесуді жасауға мүдделі болған тұлға немесе мамандандырылған ұйым (кепілдік міндеттеменің қолданыстағы келісім шарты бойынша) отырғызу күнінен бастап, жасыл екпелерді қайта отырғызып, бұдан әрі соларды екі жыл шамасында күтеді (ағаштың тікпе-екпелің өміршеңдік мерзімінде).

61. Құрылысқа бекітілген жоба-сметалық құжаттамаға сәйкес өтемдік отырғызу бойынша жұмыстарды жүргізу құрылыс салушылармен жүргізілген көгалдандыру ретінде есептелуі мүмкін.

62. Жеке және заңды тұлғалар есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жұмыстарын (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын, арық желілерін жөндеу және т.б.) іске асыру кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлерге) құрылыс жобаларында жасыл екпелерді өтемдік отырғызу бойынша жұмыстары аяқталғаннан кейін, жапырақты ағаштарға – бір жыл ішінде, қылқан жапырақты ағаштарға екі жыл ішінде күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып, қаржыландыруды қарастыруы қажет.

63. Қағиданың талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

64. Жалпы пайдаланылатын жерлерде және ғимараттар, құрылыстар, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде ағаштар апатты құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлерді уақтылы санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесілі ұйымға немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша ұйымдарға жүктеледі.

 

4 параграф. Астана қаласының «Жасыл белдеуі» аумағында  жасыл екпелерді күзету, қорғау, күтіп-ұстау

 

65. Астана қаласының «жасыл белдеуі» аумағында табиғат пайдалануды реттеу саласындағы қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне:

1) жасыл екпелерді күтіп-ұстау, орманды молайту және ағаш өсіру;

2) өртке қарсы және санитарлық қондырғылармен қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың, сондай-ақ басқа да бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, орман өртімен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

3) орманның зиянкестерімен және ауруларымен күрес жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) табиғи немесе жасанды жасалған сутоғандарын қорғау бойынша жұмысты, қамысты өсімдіктермен күресті ұйымдастыру;

5) санитарлық-қорғау аймағының жасыл белдеуін күтіп-ұстауға және олардың орындалуын бақылау жұмыстарын (қызметтерін) мемлекеттік сатып алуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, шарттар жасасу;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитарлық –қорғау аймағында құқықбүзушылықтарды алдын алу және жолын кесу жатады.

66. Астана қаласы «жасыл белдеуінің»  жасыл екпелерді күзетуді, қорғауды және күтіп ұстауды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және:

1) жасыл екпелерді өрттен, өз еркімен кесуден және өзге де бұзушылықтардан күзетуге;

2) жасыл екпелерді зиянкестерден және аурулардан қорғауға;

3) жасыл екпелерді күтіп ұстау, орман молайтуға және ағаш өсіруге;

4) жасыл екпелердің өртке қарсы құрылғыларына;

5) орман молайтуды және ағаш өсіруді күзету, қорғау саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;

6) күтіп кесу және санитарлық кесу жүргізуге;

7) орман молайтуға және ағаш өсіруге, күзетуге, қорғауға күрделі салымға шығындарды қарастырады.

67. Астана қаласының «Жасыл белдеуі» аумағында жасыл екпелерді күзетуге, қорғауға, күтіп ұстауға байланысты емес жұмыстарды жүргізу экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда, табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

____________