2018 жылғы 11 қаңтарында «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстандағы экологиялық ұйымдары ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлесмтігімен бірлесіп, «Астана қаласының қоршаған ортасын сауықтыру: стратегиялар мен іс-қимыл жоспарын әзірлеу» дөңгелек үстелін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Астана қаласының қоршаған ортасы сапасының жағдайын және халықтың тіршілік сапасын жақсарту мен қажетті ұсыныстарын өңдеу үшін бірлескен қимылдарды анықтаумен қала ортасына экологиялық ауыртпалықты төмендету жолдарын талқылау.

Дөңгелек үстелдің барысында Астана қаласы әкімдігімен, азаматтық секторлардың қатысушылары және экологиялық бірлестік сарапшылары арасында Астана қаласы ауасының және су нысандарының ластануы, қалдықтарды тиімді басқару, көгалдандыру және абаттандыру мәселелері бойынша ұсыныстары талқыланды.

Аталған іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың, экологиялық сарапшылар қоғамдастығы басшылары мен өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Қоғамдық кеңес және «Қазақстандағы экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ арасындағы түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.