Астана қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары туралы

жоба 

Астана қаласы бойынша

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын

пайдалану үшін төлемақы

ставкалары туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес мақұлдансын және Астана қаласының мәслихатына қарауға жолдансын.

2. «Астана қаласы бойынша су бетіндегі ресурс көздерін пайдалану үшін төлем ставкаларын белгілеу және Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 3-1-266қ қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 32-763қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін. 

 

Әкім                                                                                             Ә. Исекешев

 

Астана қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «__»______

№______қаулысына

қосымша 

Астана қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары

  Арнайы су

пайдалану

түрі

 

 

 

 

Өзен бассейндері

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 тек.м) Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 тек.м) Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 тек.м) Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

(теңге/1000 тек.м)

Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар (теңге/т) Гидроэнергетика (теңге/1000 кВт/сағ) Су көлігі (теңге/1000 т/км)
1. Есіл өзенінің бассейні

61

169

48

48

122

17

5

2. Нұра өзенінің бассейні

68

194

56

53

137

-

-

____________________________

 Скачать проект