Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы

жоба 

Астана қаласы бойынша

қоршаған ортаға эмиссия үшін

төлемақы ставкалары туралы 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес мақұлдансын және Астана қаласының мәслихатына қарауға жолдансын.
  2.  «Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 32-1305қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

 

Әкім                                                                                               Ә. Исекешев 

 

Астана қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «__»______

№______қаулысына

қосымша 

Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға

эмиссия үшін төлемақы ставкалары 

Р/с

Отын түрі

Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

Этилденбеген бензин үшін

0,33

Дизель отыны үшін

0,63

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,35

 

____________________________