Астанада Жібек жолы қалаларының мэрлері бас қосқан форум басталды

Бүгін, 2018 жылы 2 шілдеде Астана қаласында «GlobalSilkRoad» Жібек жолы елдерінің қалалары мэрлерінің форумы ашылды. Мұндай айтулы оқиға алғаш рет өтуде және ол Қазақстанның астанасында болып жатыр. Форумды ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, G-Global халықаралық хатшылығы, АХҚО. Халықаралық шара өңірлердің жаңа сапасын қалыптастыру үшін қала басшылары мен салалық сарапшылардың басын қосады. Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қызметкерлері «Қаланың тұрақтылығы: келешек экологиялық технологиялар және қоршаған ортаның тұрақтылығы» панельдік сессиясына қатысты.