Астана қаласында тауар өнімін өндірумен қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету үшін өндірістік қуаттарды салу

«Астана қаласында тауар өнімін өндірумен

қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу бойынша

қызметтер көрсету үшін өндірістік қуаттарды салу»

мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы бойынша

жеке қаржылық бастама туралы хабарлама» 

«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген,  Мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 12-параграфына сәйкес, МЖӘ жобасына кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру мақсатында, әлеуетті жеке әріптестердің жобаны іске асыруға мүдделілігі туралы альтернативтік ұсыныстарды берумен, осы арқылы тікелей келіссөздер тәсілімен «Астана қаласында тауар өнімін өндірумен қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету үшін өндірістік қуаттарды салу» мемлекеттік-жеке әріптестік жобасын (бұдан әрі – Жоба) бастамалайтыны туралы хабарлайды.

Жобаның техникалық-экономикалық параметрлері:

Жоба бойынша негізгі деректер:

  1. Сынаптан тұратын бұйымдарды қайта өңдеу цехы. МЕМСТ 4658-73 сәйкес Р3 маркалы тауар сынабын алумен жылына 1 млн. данадан астам шамды қайта өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«Ступпа» түрінде қайта өңдеу өнімі болып табылатын қауіпті қалдықты қайта өңдеу нәтижесінде алу мен қираған әйнек және полигондардағы цокольдер түрінде қайта өңдеудің басқа өнімдерін орналастыруға жол бермесін.

  1. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдейтін цех. Жабдықтың қайта өңдеу (кәдеге асыру) процестерінің тұйық циклі болып, жабдықталу тиіс:

2.1 келесі құрамда түтін газ құрамын бақылау жүйесі:

- O2 оттек пен CO тұншықтырғыш газ талдағышымен;

- сынама іріктеу жүйесімен;

- SO2 күкірттің қос тотығын талдағышпен;

- NOx азоттың тотықтарын талдағышпен;

- HCl хлорсутек талдағышпен;

- түтін газдарындағы салмақтандырылған заттар құрамын талдағышпен;

2.2 осы талдағыштарды өңдеудің есептегіш блогымен;

2.3 жүктеуді, түтін газдарын тазалау кіретін, жазу камераларында процестермен реттейтін және басқаратын автоматика жүйесімен;

2.4 интернет-сайтқа газ талдау деректерін беру жүйесімен;

2.5 шынайы уақытта газ талдағыш деректері мен технологиялық параметрлерді көрсетумен, жабдықтың жұмысына арналған интернет сайтпен.

 

«Б», «В», «Г» кластың қауіпті медициналық қалдықтарын, сонымен қатар басқа қауіпті қалдықтарды кәдеге асыру мүмкіндігі

Жабдықтың жұмысында атмосфераға зиянды заттардың артуына жол бермесін.

5% аспайтын кәдеге асырудың бастапқы салмағынан қауіпсіз қалдықтарды қамтамасыз етсін.

Патогендік микроағзалардан 100% залалсыздандыру мен уытты органикалық қосылыстарды 100% залалсыздандыруды қамтамасыз етсін.

Жылына 1000 тоннаға дейін сол өндірістік алаңдарда қайта өңдеудің қуатын ұлғайту мүмкіндігімен жылына 400 тонна минималды қуаты.

Сонымен қатар, жылына 5 мың тоннадан асатын полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтарды қайта өңдеудің/кәдеге асырудың жиынтық қуатымен басқа цехтар.

3. Резеңке-техникалық бұйымдарды (резеңкеленген киім, аяқ киім, тасымалдауыш таспалар және т.б.) қайта өңдейтін цех, сонымен қатар кірленген қалдықтардың мұнай-өнімдерімен (жер, құм және т.б.).

- технологияда қайта өңдеудің тұйық циклін қамтамасыз етсін;

- жабдықтың жұмысында атмосфераға зиянды шығарындылар болмау тиіс;

- ҚТҚ полигонына қайта өңдеуден кейін қандай да бір қалдықтарды орналастырмасын.

Жылына 5 000 тоннаға дейін, асырып ұлғайтумен жылына 1800 тонна қуат.

4. Тұрғын үйлер мен ғимараттарға дейін арақашықтық кемінде 1 000 метр;

5. Орталық коммуникациялардың (су құбыры, кәріз, электр қуаты) болуы;

6. Өндірістік, қоймалық және басқа бөлме-жайлардың жалпы ауданы кемінде 3 500 ш. м.;

7. Энергиямен қамтамасыз ету кемінде 1 000 кВт/сағ;

8. Сүзгілер жүйесімен жабдықталған және өндірістік бөлме-жайларда сағатына аз дегенде ауаның 3-еселік ауа алмасуын қамтамасыз ететін ағынды-сорғылы желдетудің болуы.

МЖӘ объектісінің өндірістік-шаруашылық имараттары мен ғимараттары техникалық күрделі объектілерге жатқызылады.

Жобаның құны (инвестициялар көлемі) кемінде 2 млрд. 900 млн. теңге.

Жеке әріптес қаражаты есебінен көрсетілген жобаны қаржыландыру. Жобада келесі көлемде жыл сайын жұмыстар мен қызметтерді тұтынудың кепілдігі арқылы мемлекеттік қатысуы қарастырылған:

сынаптан тұратын шамдарды қайта өңдеу – 615 000 шт;

Б класты медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру – 623,4 тонна;

В класты медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру – 46,8 тонна;

Г класты медициналық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру – 17319 дана (сынаптан тұратын шамдар мен аспаптар) және 3,8 тонна.

МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде жыл сайын өндірілетін қосымша жұмыстар мен қызметтер көлемдері:

Аналогтық пеш отыны – 866 тонна;

Техникалық көміртек – 1 114   тонна;

Металкорд (металл сынығы) – 412 тонна;

Протездік-ортопедиялық құралдар- 495 дана;

Аралас қираған әйнек – 535 тонна;

Алюминий сынығы (цокольдер) – 3,0 тонна;

Контейнерлер мен металл бұйымдары – 33 дана;

Тротуарлық плитка – 13 200 кв.м;

РТБ және МТҚ қайта өңдеу – аз дегенде 1 800 тонна;

Сұйық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру – 58 тонна.

 

Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар:

  1. «Мемлекеттік-жеке-әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келу;

2. Жеке әріптестің зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне (патенттер, тауар белгілері және т.б.) айрықша құқықтары болу;

3. Қауіпті қалдықты (-арды) қайта өңдеу негізінде тауар өнімін (-дерін) өндіру туралы өлшемге жауап беретін мақсатты міндетпен кемінде 2,9 га жер учаскесінің жекеменшікте немесе ұзақ мерзімдік жалдауда болуы;

4. ҚТҚ полигондарында орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу кезінде қалдықтың болмауын қамтамасыз ететін технологиялар мен процестерді қолдану;

5. Қайта өңдеу нәтижесінде алынған қайталама шикізаттан тауар өнімін өндіру;

6. есептік деректерді ұсынумен 500 тоннадан астам ауыр металдар мен тұрақты органикалық ластағыштар болатын 28 млн.куб.метрден астам парниктік (түтін) газдарын атмосфераға шығарылуын болдырмайтын қайта өңдеуді ұйымдастыру;

7. Қала үшін экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы бар болатын, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен әкімдіктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен (мемсанэпидқадағалау) жұмыс жобасына (техникалық-экономикалық негіздеме) оң пікірлер.

8. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен жобалау құжаттамасының болуы;

9. Әлеуетті жеке әріптестің және/немесе оның үлестес құрылымының қалдықтардың аса қауіпті түрлерінің жеке түрлерін қайта өңдеу бойынша, қалдықтардың жеке түрлерін жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге (кәдеге асыруға) конкурстарға қатысу тәжірибесі кемінде 3 жыл;

10. Кемінде 65 жаңа жұмыс орнын құру;

11. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге бейнебақылауды онлайн-бақылауды ұйымдастыру;

12. Жобаға инвестициялардың жалпы құны 2 млрд 900 млн. теңгеден асу тиіс;

13. Түзілетін энергияның рекуперациялануын қамтамасыз ету.

14. Қауіпті қалдықтарды қалдықсыз қайта өңдеу қағидасын енгізу арқылы ресурсты үнемдеу қағидасын қамтамасыз ету;

15. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу (кәдеге асыру) саласында Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сәйкес келу.

16. Сынаптан тұратын және қауіпті медициналық қалдықтардың барлық типін қайта өңдеу бойынша жаңа қуатты салу мен пайдалануға беру мерзімдері 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін.

 

Альтернативтік ұсыныстар келесі ақпараттан тұру тиіс:

- Әлеуетті жеке әріптестің атауы мен мекен-жайы;

- мемлекеттік тиесілілік (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғалар басшылары немесе иелері және әлеуетті жеке әріптеске мүдделілік ететін тұлғалар туралы деректер;

- жеке әріптестің зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелеріне (альтернативтік ұсыныс бастамашысына тиесілі болатын патенттер, тауар белгілері және т.б.) айрықша құқықтардың болуын растайтын құжаттар;

- қауіпті қалдықты (-арды) қайта өңдеу негізінде тауар өнімін (-дерін) өндіру туралы өлшемге жауап беретін мақсатты міндетпен кемінде 2,9 га жер учаскесінің жекеменшікте немесе ұзақ мерзімдік жалдауда болуын растайтын құжаттар;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке әріптестігі саласында заңнама талаптарына сәйкес белгіленген бизнес-жоспар, соның ішінде қаржылық-экономикалық модель, растаушы құжаттар мен есеп айырысулар;

- Қағиданың 3-қосымшасына сай біліктілік талаптарына әлеуетті жеке әріптестің сәйкес келуін растайтын құжаттар;

- Жобаға жергілікті қамту үлесін растайтын құжаттар.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда мекен-жай бойынша келесі құжаттарды беру қажет:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 13, «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ, 415 каб., тел. +7(7172) 557514.

Альтернативтік ұсыныстар осы хабарламаны жариялаған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде қабылданады,