2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» конкурсына қатысу үшін табиғатты қорғау бастамаларды қолдайтын Қазақстан Республикасының әкімдіктер, ұйымдар мен азаматтар арасында мәлімдемелерді қабылдау ұйымдастырылды, осы конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қатысты.

2019 жылғы 27 мамырдағы Конкурсттық комиссия отырысының № 2 хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурстың «Эко-Акимат» номинациясында жеңімпаз болып атанды.

Бүгін 2019 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президиум Төрағасы Ә. Назарбаева «Эко-Акимат» номинациясында  конкурс жеңімпазының статуэткасы мен Дипломын табыстады.