Құрметті елорда тұрғындары және табиғатты пайдаланушылар!!!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 12 хаттамасының 3.3-тармағын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 04-11/1250-И ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортнаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантин кезеңінде ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдауларды бейнеконференцбайланыс арқылы және  сауал нысанында өткізу туралы хабарландырады.

Ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау  бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу үшін тапсырыс беруші мынадай мәліметтерді:

- қоғамдық тыңдауларды бейнеконференциялар арқылы өткізу интернет-алаңның мекенжайы (сілтеме), күні, уақыты, сондай-ақ кіру үшін логин мен құпия сөзін;

- жергілікті атқарушы органның атауы және қатысушыларды тіркеу және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректерін

             «Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ, жауапты маман – Садвакасова Ж.М., тел. +7 (7172) 55-75-80

- ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайын

negmanova@inbox.ru

- жұртшылық өкілдері жобалардың материалдарымен электрондық түрде танысу үшін жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның және тапсырыс берушінің интернет-ресурсының мекенжайын

    www.upr.astana.kz

- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;

-  тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;

- тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайын;

- құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректерін көрсете отырып, қоғамдық тыңдау бейнеконференциялар арқылы өткізілгенге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-да жариялайды.

Өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады: Тапсырыс берушінің баяндамаларын тыңдау және барлық тілек білдірушілердің сөздері бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі.