«StopMusor» әлеуметтік жобасының басталғаны туралы

2020 жылдың 4 маусымында  – Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі атынан Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қолдауымен «StopMusor» әлеуметтік жобасының басталғанын жариялады.

Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған.

StopMusor жобасы шеңберінде кең ауқымды түсіндіру ақпараттық кампаниясын, экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу, сайт, әлеуметтік желілердегі беттер және ел тұрғындарын жаппай тарту үшін жобаның мобильді қосымшаларын іске қосу жоспарлануда. Жоба көшелерде шашылған қоқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері туралы халықтың кең ауқымының хабардар болуына мүмкіндік береді.

«StopMusor» жобасы 2021 жылдың наурызына дейін жалғасады.

Өкінішке қарай, COVID-19 пандемиясына байланысты тұрғындардың жаппай оқшаулануына қарамастан, қалалардағы қоқыстану деңгейі артты және көрініс бояуы қоюлана түсті. Бұл жағдай адамның қоршаған ортаның қоқыстануына байланысты мәселелерге жауапты екенін көрсетеді,демек, бұл біздің қалаларымыздың тазалығы мен қоршаған ортасына адамдардың тұтынушылық қатынасын өзгерту қажет деген сөз.

Осы жыл аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «StopMusor» жобасын жүзеге асыруда елдің барлық эко-волонтерлерінің күш-жігерін біріктіруге ниетті. Бұл бастама мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 11 желтоқсанда Жастар жылының жабылуында сөйлеген сөзінде атап өткен “Таза әлем” бағытының ажырамас бөлігі.

Қоғамдық пікір көшбасшыларын, эстрада жұлдыздарын, актерлерді, қоғам белсенділерін, жастар көшбасшыларын және Қазақстанның барлық азаматтарын таза қала идеясын танымал етуге және еріктілер жылында қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуға шақырамыз.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының «StopMusor» әлеуметтік жобасы «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

WhatsApp Video 2020-06-23 at 18.51.25