2020 жылы” Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ” ММ Абай даңғылы бойында, Көлтөбе көшесінен Сембинов көшесіне дейін және Егемен Қазақстан көшесінен Бейсекбаев көшесіне дейін бульвардың құрылысын аяқтады.

Бұл нысанды жобалау мен салудың мақсаты адамдардың өмір сүруі мен демалуының ең жақсы жағдайларын қамтамасыз ету, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, қаланың инфрақұрылымын дамыту болды. Жалпы ауданы – 0,9928 га құрайды

Желекжол халықтың барлық жас топтарының белсенді және пассивті демалысы үшін қажеттілікке сәйкес ұйымдастырылған. Тыныш демалу орындары, көлемді композициялары бар алаңдар, жалғыз отырып оқу алаңдары, балалар ойын алаңдары, спорт алаңы, асық ойнауға арналған алаң, велосипедтерге арналған тұрақтары бар.Балалар мен спорт алаңдары жасанды жабынмен, веложолдар асфальтбетон жабынымен жобаланған.

Алаңдарда шағын сәулет нысандары орнатылды: орындықтар, урналар, тренажерлер, балалар ойын кешендері, әткеншек – теңгергіш, әткеншек, құмсалғыштар, велосипедтерге арналған тұрақ,бақ-саябақ шамдары.