Мемлекеттік қызметтер
«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
1 |
ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
2 |
II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру |
3 |
Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру |
4 |
Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру |
5 |
Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру |
6 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді
орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу |
7 |
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру |
8 |
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру |
9 |
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау |
10 |
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу |
11 |
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу |