Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Қалыпты нұсқа

Ереже

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және

табиғатты пайдалану басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты  пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.

10. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің толық атауы: «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру  Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiнен жүзеге асырылады.

13. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

 

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты

пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

14. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік басқару, елорда халқы үшін экологиялық тепе-теңдік пен қолайлы орта құру болып табылады.

15. Міндеттері:

1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелерге арналған шаруашылық және басқа да қызметтердің зиянды әсерін болдырмау, биологиялық әртүрлікті сақтау және табиғатты пайдалануды ұтымды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;

2) қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер деңгейін төмендету;

3) қоршаған ортаға, халықтың өмірі мен денсаулығына арналған басқару, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтермен жоспарланатын әрекеттерге талдау мен бағалау жүргізу;

4) табиғатты пайдалануды тиімді басқару мен реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін қаланың экологиялық жағдайын жан-жақты және объективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

5) елорда халқының экологиялық мәдениетін арттыру.

16. Функциялары:

1) Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында кейіннен бекіту үшін қоршаған ортаның ластануына (ауаның ластауы, қалдықтарды орналастыру, сақтау және көму, ағынды сулармен ластайтын заттарды тастау) арналған төлем мөлшерлемесінің есебін құрастыру;

2) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және эмиссияларға лимиттер белгілеу;

3) салық органдарына қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жүргізушілер және салым объектілері туралы мәліметтерді дайындау және ұсыну;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

5) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының қызметін атқаруды қамтамасыз ету;

6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функциясының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережемен қарастырылған құзыретке сәйкес қызмет көрсетуге тарифтерді, бағаларды келісу;

7) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтауды, тасымалдауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысын Қазақстан Республикасы заңнамасының және үйлестіру құзыреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;

8) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ету;

9) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын алыс және жақын шет елдерімен, халықаралық ұйымдармен, сонымен қатар заңды тұлға-бейрезиденттермен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

10) болжамды мақсатты құжаттарды жинақтауды жүзеге асыру, басымдықтарды анықтау және табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау;

11) табиғатты қорғау объектілерінің құрылысын және реконструкциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

12) табиғатты қорғау іс-шаралары, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шартты міндеттерді тиісінше орындамау бөлігінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімі мен әкімдігінің (бұдан әрі – тиісінше әкім, әкімдік) мүддесіне сотта өкіл бола отыра, солардың атынан талап арызбен жүгіну;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғатты пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

14) қаладағы экологиялық ахуалдың жай-күйі туралы және Басқарма қызметінің басқа да бағыттары бойынша есептер дайындау;

15) экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғамды ақпараттандыруға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, «дөңгелек үстел» отырыстары және т.б.);

16) тиісті аумақта орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;

17) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

18) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

19) экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етумен, жинақтауды, тасымалдауды, көмуді және кәдеге жаратуды қоса алғанда, тұтыну және өндіріс қалдықтарын басқару бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

20) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;

21) қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға, олардың қайта немесе балама түрде пайдалану деңгейін жоғарылатуға, көмуге жатқызылатын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған экономикалық ынталарды және іс-шаралар әзірлеу;

22) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормаларын әзірлеу және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына бекітуге ұсыну;

23) жасыл желектерді есепке алу, күтіп ұстау және тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

24) жасыл желектермен қамтылған жер учаскелерін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

25) қаланың жасыл желектерін күтіп-ұстау, қорғау және көгалдандырылатын аумақтарды абаттандыру бойынша уәкілетті органның функцияларын орындауды қамтамасыз ету;

26) жасыл желектерді кесу және қайта отырғызуға рұқсат беру;

27) санитарлық-қорғау аймағын (Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл белдеуі») қоса отырып, жасыл желектерді ағымдағы күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;

28) жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру объектілерін салу, реконструкциялау және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

29) жалпы пайдаланудағы жерлерде салынған, реконструкцияланған көгалдандыру және абаттандыру объектілерін қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

30) жасыл желектерді түгендеуді және орман патологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

31) табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кезінде балама және қалпына келетін энергия көздерін пайдалану;

32) өз құзыреттілігі шеңберінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;

33) бассейндік кеңестер жұмысына қатысу;

34) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және уәкілетті органға ұсыну;

35) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

36) арнайы табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

37) өз құзыреттілігі шеңберінде шаруашылық етуші объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

38) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

39) өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;

40) сараптамалық жұмыстар жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тарту;

41) су қорын пайдалану мен қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

42) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) қолданысқа беру, жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе қосарланған барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің келісім шартын тіркеуді жүзеге асыру;

43) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау;

44) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге келісім шарттардың қызметін орындау және тоқтатуды қамтамасыз ету;

45) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге келісім шарттарды жаңарту туралы шешім қабылдау;

 

 

 

 

46) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруды, қолдану мен пайдалануды келісу;

47) 50 текше метрге дейін суды пайдаланатын су пайдаланушыларды есепке алу;

48) жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерлерін әзірлеу;

49) өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету;

50) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, қайта интродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;

51) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;

52) қаланың коммуналдық меншігіндегі су шаруашылық құрылыстарын басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған тиісті тәртіптемелерді өткізу;

53) өзен арналарын реттеу үшін өзен түбін, сутоғандарын лайдан және қоқыс қабаттарынан тазарту бойынша түбін тазалау және түптереңдету жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;

54) суайдындар мен жасанды суайдындар аумағында және жағажай белдемінде экологиялық іс-шаралар жүргізу;

55) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

56) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

57) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

58) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

59) дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу;

60) кемелер жүретін кезеңде, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің арнасында, ішкі су көлігімен, оның ішінде шағын өлшемді кемелерде,  жолаушыларды көлік, экскурсиялық тасымалдау  қызметтерін көрсету;

61) суға сүңгу жұмыстарын, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзені мен оның тармақтары акваториясының су айдынын тазарту және ағымдық күтіп ұстау қызметін жүргізу;

62) Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегіндегі Есіл өзенінің арнасында кемелер қозғалысын диспетчерлік реттеу, ішкі су көліктерін, оның ішінде техникалық және шағын көлемді кемелерді жалға беру;

 

63) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген басқа да өкілдіктерді жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және әкімдік қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

3) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде бюджеттік қаражатты пайдалану;

4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша, табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар мен келісімшарттарды жасасу;

5) өз құзыреттілігі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

6) қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген зиян мөлшерін (анықтауға қатысуға) белгілеу және тиісті мемлекеттік органдарға қорытындысын жіберу;

7) экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға реконструкциялауға тыйым салуға рұқсат беру;

8) өз қызметі туралы ақпаратты тарату, қаланың аумағында орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар ету;

9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері және экологиялық таза, қалдықсыз, ресурс үнемдеуші табиғатты қорғау технологияларды енгізу бойынша конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

10) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, сот органдарында Басқарманың және әкімдіктің мүддесін талап қоюшы, жауапкер ретінде өкілдік ету;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

 

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға және Басқарманың қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтауға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. Басқарма басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарма басшысының өкiлеттiгi:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) Басқарма қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын қадағалайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманың мүддесін білдіреді;

6) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;

7) оның құзыретіне қатысты басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

22. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

23. Басқарма басшысы орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

 

4. Басқарманың мүлкі

 

24. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

1) Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

_______________________________

Скачать положение каз